Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда балалар байқауын желеу еткен алаяқ ұсталды

Алматыда балалар байқауын желеу еткен алаяқ ұсталды
Фото: pixabay.com

Алматыда балалар байқауын ұйымдастырушы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарынан халықаралық байқауға қатысу сылтауымен ақша жинау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың желтоқсан айында жарияланған іс-шараның ұйымдастырушысы шетелдік байқауға қатысуды ұсынып, ата-аналардан қаржыны есепшоттар арқылы жинаған. Алайда уәделерге қарамастан, байқау өткізілмеген, балалар шетелге шықпаған және қаржы қайтарылмаған. Қазіргі таңда елдің бірнеше өңірінен азаматтардан арыздар тіркелді. Материалдық шығын көлемі анықталу үстінде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды кәмелетке толмағандардың сапарларына қатысты келісімдер жасасқанда қырағылық танытуға және қандай да бір ұсыныстың заңдылығына күмән туындаған жағдайда полицияға жүгінуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді