Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да тұрғындарды 200 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

БҚО-да тұрғындарды 200 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Фото: Polisia.kz

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындарды 200 миллион теңгеге алдаған алаяқты ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының бірнеше тұрғынын алдап, олардан 200 миллион теңгеден астам қаражат иемденген ер адамды ұстады. Күдікті азаматтарға жоқ бизнеске ақша салуды ұсынып, олардың сеніміне кірген. Ұсталған алаяқ – Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол әлеуметтік желі арқылы бір әйелмен танысып, өзін iPhone смартфондарын көтерме бағамен көршілес елдерге қайта сататын кәсіпкер ретінде таныстырған. Сенімге кірген алаяқ жәбірленушіге осы бизнестің тиімді екенін айтып, оған ақша салуды ұсынған. Әйел оған екі пәтерін сатып, түскен қаражат пен жеке жинақтарын берген. Нәтижесінде оның шығыны 77 миллион теңгеден асқан.

Сонымен қатар алаяқтың құрбаны болған әйелдің туыстары мен таныстары да оның "тиімді" инвестиция ұсынысына сеніп, қаражаттарын берген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алты эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы шығын көлемі 200 миллион теңгеге жуық. Тергеу барысында күдікті ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны және букмекерлік кеңселерде ұттырып жібергені анықталды. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға және қаржылық инвестицияларға қатысты мәселелерде бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты