Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында әйел жаңа туған баласын 1 млн теңгеге сатып жіберді

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында ақмолалық полицейлер өңірде жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жаңа туған баланы сатып алу-сату фактісін анықтады. Заңсыз мәміле туралы жедел ақпарат облыстық Криминалдық полиция басқармасына келіп түсті, оның қызметкерлері өз отбасына бір жарым айлық қызды алған баласыз ерлі-зайыптыларды анықтап, іздестірді.

Белгілі болғандай, мәміле Ақмола облысының аумағында бұрын ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған жаңа туған нәрестенің жұбайы мен анасы арасында жүзеге асырылған.

Полицейлер жаңа туған нәрестенің анасына бір миллион теңге көлемінде ақша берілгенін анықтады.

Қазіргі уақытта ақмолалық жедел уәкілдер өңір мекемелерінің бірінің туғаннан үш жасқа дейінгі балаларға арналған қызметкерлерінің қылмыс жасауға қатыстылығын тексеруде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 135-бабының 2-бөлігі (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді. Келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады