Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарлық полицейлер 200-ден астам жалған вакцинация паспорттарын тәркіледі

Павлодарлық полицейлер 200-ден астам жалған вакцинация паспорттарын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының полиция қызметкерлері 2021 жылдың мамыр айында Павлодар қаласы емханаларының бірінде төрт медицина қызметкері “COVID-19” вакциналарының электрондық базасына жалған мәліметтер енгізу арқылы вакцинация паспорттарын қолдан жасағанын анықтады, іс-шара барысында 200-ден астам жалған паспорт тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп, қатысушылардың ұялы телефондары алынды, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жұмыс орны бойынша тінту іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде техникалар мен құжаттамалар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

– Қазіргі уақытта Павлодар облысының Полиция департаменті “COVID-19” вакцинациясының жалған паспорттарын сатып алған және одан әрі пайдаланған адамдар тобын анықтауда. Аталған адамдарға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабының 3-бөлімі бойынша жалған құжатты пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады