Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Каспий Құбыр Консорциумы басшысы Николай Горбань қазақ мұнайын тасымалдау мәселесін талқылады

Олжас Бектенов пен Каспий Құбыр Консорциумы басшысы Николай Горбань қазақ мұнайын тасымалдау мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань мұнай тасымалы саласындағы әріптестік мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда қазір жүзеге асып жатқан және перспективалы инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы және «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырын жаңғырту қарқыны қаралды.

Халықаралық консорциум басшысы 2024 жылдың қорытындысы туралы ақпарат берді.

Николай Горбань «Кропоткинская» мұнай айдау стансасында қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны және іске қосылғаны туралы баяндады. «ҚазТрансОйл» АҚ мен КҚК әріптестігі аясында 2024 жылы КҚК мұнай құбыры желісі мен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Т.Қасымов атындағы мұнай айдау стансасын байланыстыратын жаңа құбыр құрылысы және оны іске қосу жобасы жүзеге асырылды.

Бүгінде айдау көлемін жылына 67 млн тоннадан 81,5 млн тоннаға дейін, оның ішінде қазақстандық учаске бойынша жылына 53,7 млн тоннадан 72,5 млн тоннаға дейін арттыруға техникалық мүмкіндік қамтамасыз етілді. КҚК мұнай құбырының «тар» тұстарын жою жобасын іске асыру нәтижесінде биылғы қазан айында мұнай жөнелту көлемін 1 млрд тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Олжас Бектенов Үкімет КҚК мұнай құбырының үздіксіз жұмыс істеуі мәселесіне ерекше назар аударып отырғанын баса айтты. Жүйе қазақстандық мұнай экспорты бойынша маңызды артерия саналады. Осыған байланысты қазақстандық тарап қажетті қолдау көрсетеді. 

Кездесу барысында консорциумның әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді. КҚК Қазақстанда бірқатар әлеуметтік жобаны іске асыруда, оның ішінде Атырау қаласында 900 орындық мектеп салуда. Өткен жылы әлеуметтік жобаларға барлығы 4,4 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы білім беру және медициналық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін шаралар жоспарлануда.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимыл бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту ниеттерін жеткізді.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы энергетика саласындағы аса ірі жобалардың бірі. «Теңіз-Новороссийск» құбырының ұзындығы 1 511 километрді құрайды. Биылғы қаңтар-сәуір айларында КҚК құбыр жүйесі арқылы 23,9 млн тонна, оның ішінде қазақстандық 21,5 млн тонна мұнай жөнелтілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі