Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полиция қызметкері бейнебақылау жүйесі арқылы ер адамды құтқарып қалды

СҚО-да полиция қызметкері бейнебақылау жүйесі арқылы ер адамды құтқарып қалды
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері бейнебақылау жүйесі арқылы ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында полиция қызметкері Азамат Кенжебулатов бейнебақылау жүйесі арқылы ер адамды байқап, қайғылы жағдайдың алдын алды. Сағат 16:00 шамасында кезекші бөлімде қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері Азамат Кенжебулатов "Қауіпсіз қала" жүйесі арқылы Булаев қаласының шетінде орналасқан қайың тоғайында бір ер адамның жүргенін байқады. Ер адамның қолында арқан болғанын көрген полиция қызметкері дереу әрекет етті. Азамат Кенжебулатов учаскелік инспекторға хабарласып, жағдайды баяндады. Сонымен қатар оқиға орнына тез жету үшін 16 жастағы ұлы Жандосқа хабарласып, инспекторға нақты орынды көрсетуін сұрады. Учаскелік инспектордың жедел әрекеті нәтижесінде 67 жастағы ер адам аман-есен полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның айтуынша, өмірлік қиындықтарға байланысты ол өз-өзіне қол жұмсауды ойлаған. Қазіргі уақытта оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде, және бұл жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі