Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің отырысы өтті

Астанада Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің отырысы өтті
Фото: primeminister.kz

Астанада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 16-шы отырысы өтті. Іс-шараға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшылығы, салалық министрліктердің өкілдері мен қазақстандық іскер топтардың жетекші өкілдері қатысты. Кездесуде екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегі талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің алаң расымен де сұранысқа ие әрі пайдалы. Мұндай кездесулер екі тарапқа да өзара «сағаттарын сәйкестендіріп», өзекті мәселелерді анықтауға әрі іскер топтар арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ортақ жоспарды талқылауға мүмкіндік береді. Қатысушылар қатарының үнемі артып келе жатқаны және күн тәртібінің барған сайын практикалық сипат алуы – қуантарлық жайт», — деп атап өтті өз сөзінде Роман Скляр.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің айтуынша, Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас Орталық Азия мен Еуропа арасындағы экономикалық және саяси ықпалдастықты кеңейтуде ерекше орын алады.

«Германия – әлемдегі жетекші экономикалардың бірі ретінде Қазақстанның Еуропалық одақтағы ең ірі сауда серіктесі. Ал Қазақстан 2024 жылдың қорытындысы бойынша Германияның 50 негізгі сыртқы сауда серіктесінің қатарында 43-орында тұр. Сонымен қатар Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде қарастырылады – бұл елдің өңір мемлекеттерімен жалпы сыртқы сауда көлемінің 83%-ы Қазақстанның үлесіне тиесілі», — деді Рустам Қарағойшин.

Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық берік инвестициялық негізде дамып келеді. Жүзеге асырылған табысты жобалар қатарында күн электр стансасының құрылысы, цемент және машина жасау зауыттары, геологиялық барлау зертханасы мен өнеркәсіптік нысандар бар. Бұл жобаларға Linde, Heidelberg Materials, CLAAS, Horsch, WIKA және Zollman сынды неміс компаниялары қатысқан.

Қазақстан Германияны өзінің стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастырады. Әсіресе бұл серіктестік жоғары қосылған құны бар және технологиялық әріптестік орнатуға болатын салаларда маңызды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, логистика, металлургия, химия өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені салаларына басымдық беріледі.

Германиямен ынтымақтастық энергетика секторын жаңғырту, цифрлық трансформация және өнеркәсіп өндірісіне инновацияларды енгізуге бағытталған жоғары технологиялық әрі орнықты шешімдер тұрғысынан да өзекті деп саналады. Осы орайда, «Бәйтерек» холдингі институционалдық көпір ретінде осындай жобаларды іске асыру үшін бірлескен қаржыландыру құралдарын – бірге инвестиция салу мен кепіл іне – ұсынуға дайын. Қазақстанның экономикалық мүдделері мен стратегиялық мақсаттарының тоғысатын тұстарында Германиямен ұзақмерзімді әрі ауқымды серіктестікке нақты мүмкіндіктер ашылып отыр.

Кеңес аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олар өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, технологиялық әріптестікке және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, «Жезқазғанредмет» РМК мен Германияның DAR Metall AG компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім, «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен KFW Development Bank арасындағы қаржыландырудың негізгі шарттары, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен KfW Development Bank, және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС және IMI zimmermann & jansen technologies gmbh компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар.

Өз кезегінде, Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс Қазақстандағы іскерлік ахуалдың тұрақтылығы мен болжамдылығы, сондай-ақ құрылымдық реформалар мен технологиялық әріптестікке дайындығы елді Германияның Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің біріне айналдырып отырғанын атап өтті.

«Неміс компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықтан зор әлеует көреді және шикізатты өңдеуден бастап жоғары технологиялы машина жасауға дейінгі экономиканың басым салаларына қатысуды кеңейтуге дайын», — деп атап өтті ол.

Іскерлік кеңес аясында Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдету жолдары мен бірлескен жобаларды қаржыландыру тетіктері талқыланған панельдік сессиялар өтті. Германия тарапынан сарапшылар ретінде Герман аграрлық альянсының бас директоры Пер Бродерсен мен KfW Banken Group, KfW IPEX-Bank GmbH, ODDO BHF SE, AKA Bank және басқа да қаржы институттарының өкілдері сөз сөйледі.

Қазақстан тарапынан спикерлер ретінде ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев, Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов және басқа да өкілдер сөз сөйледі.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасудың нәтижелері екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі