Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы метросында бақылау шаралары күшейтілді

Алматы метросында бақылау шаралары күшейтілді
Фото: Polisia.kz

Алматы метросында бақылау шаралары күшейтілді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы метрополитен аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жалғастыруда. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығын, “Заң және Тәртіп” қағидатын сақтау және кез келген ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтау басымдық болып саналады. Заңсыз әрекеттердің, оның ішінде есірткі және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымымен байланысты әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта заманауи басқару құралдарымен жабдықталған мамандандырылған технологиялық қондырғылар белсенді жұмыс істеуде.

Кинологиялық бригадалар да маңызды рөл атқарады – тәжірибелі мамандар мен олардың төрт аяқты көмекшілері күн сайын метро бекеттері мен пойыздарды күзетеді.

— Метрополитен - күн сайын ондаған мың жолаушы жүретін стратегиялық маңызды нысан. Сондықтан біздің міндетіміз - барынша қауіпсіз ортаны құру. Біз қауіпсіздік шараларын күшейттік, техникалық құралдар мен қызметтік иттерді пайдалана отырып нысандарды үнемі тексеріп отырамыз. Әр алматылық өзін қорғалған сезінуі үшін біз басқа құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасаймыз, — деді, Метрополитендегі полиция басқармасының басшысы Батуржан Абдумасаров. 

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға және қажет болған жағдайда күдікті заттар немесе адамдар туралы полиция немесе метро қызметкерлеріне хабарлауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі