Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ұйымдастырған Jas Gala – 2025 студенттік фестивалі гала-концертпен түйінделді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 наурыздан 13 мамырға дейін студенттер вокал, хореография, мобилография, аспаптық және театр өнері бойынша бақ сынасты. Байқауға 27 ЖОО мен 25 колледжден барлығы 608 өтінім түсті. Жүлде қоры – 7,5 миллион теңге.Фестиваль көрнекті тұлғалар мен мерейтойлық датаға, соның ішінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды. Жеңімпаздар қатарында «Желдірме» ансамблі мен Скендір Нұрдана (аспаптық орындау), Рысбек Асқар (вокал), DAPAMINE (хореография), QAGANAT театры (театр), Өтепова Мөлдір (мобилография) бар.Фестивальді мәдениет қайраткерлері мен эстрада жұлдыздарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Jas Gala – жастардың дарынын ашатын маңызды алаңға айналды, - делінген хабарламада.