Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді
Фото: gov.kz

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 737,4 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 376,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4% - на дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді. Осы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша квота бойынша 4,8 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылады. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарына 874 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 191 адам, жастар практикасына – 80 адам, қоғамдық жұмыстарға – 3248 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 4 адам және «Күміс жас» жобасы бойынша – 333 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 17 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 726 адам аяқталғаннан кейін сертификаттар алды.

Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі. Барлығы 226 арнайы жұмыс орны құрылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді