Елорда тұрғындарына жұмыс тауып, табыстарын арттыруға көмектесетін JOLTAP жобасы Астанада жалғасын табуда. Бағдарламаның түлегі Мөлдір Заманбекова жұмыс орнын ауыстырып, жақсы табысқа қалай қол жеткізгенін айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мөлдір ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеген, ары қарай жеті жыл банк саласында еңбек еткен.Декреттік демалыстан оралғаннан кейін ол онлайн жұмысты таңдап, түбегейлі өзгеріс жасауды ұйғарады. Астана тұрғыны JOLTAP жобасы туралы Instagram желісіндегі жарнама арқылы білген.
«Бұл менің мүмкіндігім екенін түсіндім. Бұрын SMM саласына қызығатынмын, бірақ жүйелі тәсіл мен оффлайн оқыту жетіспейтін. JOLTAP курстары маған қажетті білім мен жоба тәлімгерлерінен қолдау көрсетуге мүмкіндік берді», - деді түлек.
Тренинг 11 күнге созылды. Негізгі назар тәжірибеге, нақты істерді талдауға және кураторлармен жеке жұмыс істеуге аударылды. Мөлдірдің айтуынша, курс кураторы үнемі байланыста болып, тапсырмаларды жауапкершілікпен тексеріп, күрделі тақырыптарды түсінуге көмектескен.
«Әр сабақ мұқият ойластырылған және офлайн режимінде оқыту материалға тереңірек енуге мүмкіндік берді. Сол сияқты жақсырақ меңгеру мақсатында үйге тапсырма берілді. Бұл оқу процесі бірнеше күндік оқудан кейін өз жемісін берді. Курстарды аяқтағаннан кейін мен алған білімімді өз жұмыс барысында сенімді түрде қолдана бастадым», - деп атап өтті бойжеткен.Бағдарлама түлегі елорда тұрғындарына JOLTAP курстарын ұсынатынын айрықша атап өтті. Ол оқу барысында жаңа таныстар тауып, өзіне қосымша мүмкіндіктер ашқанын айтты.«Осы жобаның арқасында өз мамандығым бойынша көптеген адаммен таныстым, сонымен қатар командада жұмыс істеуді үйрендім. JOLTAP жобасы жастарға сұраныстарын тауып, өз саласының маманы болуға мүмкіндік береді. Жобаға қатысу маған керемет тәжірибе берді және қолыма алған салада үлкен перспективалар ашты», - деп атап өтті Мөлдір.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно