Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жеңіс күні: БҚО-да ардагерлерге құрмет көрсетілді

Жеңіс күні: БҚО-да ардагерлерге құрмет көрсетілді
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін Желаевселолық округіндегі "Жеңіс" тынымбағында 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнінеарналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл күн – тарих беттерінде алтын әріппенжазылған, миллиондаған жанның ерлігі мен көз жасына толы Ұлы Жеңісті ескеалатын қасиетті мереке.

Іс-шара соғыс және тыл ардагерлеріне тағзым ету мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш күнді ерекше ықыласпен атап өту — елін, жерін қорғаған батырларға деген құрметтің айғағы. Салтанатты жиынға округ тұрғындары, тылеңбеккерлері, округ аумағындағы мекеме қызметкерлері мен оқушылар қатысты.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, бір минут үнсіздікпен соғыста қаза тапқандар рухына құрмет көрсетілді. Шарада округ әкімі, ардагерлер кеңесінің өкілдері сөз сөйлеп, елүшін от кешкен ерлердің ерлігі мен тылда жанқиярлықпен еңбек еткен жандардың еңбегін атап өтті.

– Бұл күн – жүректе мәңгілік сақталатын күн. Біз бейбітөмір сүріп жатсақ, ол сол батырларымыздың арқасы, – деді сөз сөйлеген округ әкімі.

Іс-шара барысында соғыс туралы әндер шырқалып, оқушылар мен мәдениет үйі қызметкерлері патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқыды. Жиналған жұртшылық ардагерлерге гүл шоқтарын табыстап, оларға ерекше ықылас білдірді.

Мереке соңы солдат ботқасын тарату рәсімімен аяқталды. Бұл– майдан даласындағы қарапайым, бірақ мағынасы терең дәстүрдің бірі. Ыстық ботқадан дәм татқан әрбір қатысушы Жеңіс күнінің рухын жүрекпен сезінді.

Осындай тағылымды шаралар жас ұрпаққа өткенді ұмытпау, елінсүю, бейбіт өмірдің құнын түсіну сынды құндылықтарды сіңіруге сеп болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді