Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ҚАЖД қызметкерлері қос мерекені салтанатты түрде атап өтті

Алматыда ҚАЖД қызметкерлері қос мерекені салтанатты түрде атап өтті
Фото: Polisia.kz

Алматыда ҚАЖД қызметкерлері қос мерекені салтанатты түрде атап өтті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күнін салтанатты түрде атап өтті.  Мерекелік салтанатты ҚАЖД бастығы Е.Ұзақов құттықтау сөзбен ашып, егеменді еліміздің қорғаны– ұлттық әскеріміздің айбыны мен соғыс жылдарындағы ауыр кезеңде қан майданның ортасында Отан үшін от кешкен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен ерліктеріне тоқталды. Сондай-ақ ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев баяндама жасап, Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер мен еңбектің бар ауыртпалығын көтерген тыл еңбеккерлерінің қажыр-қайраты жайлы баяндады.

Салтанатты іс-шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған офицерлердің ата-аналары мен жұбайларына “Офицердің анасы”, “Офицердің әкесі” және “Офицердің жұбайы” медальдары табысталса, 80 адам “Ұлы Жеңіске 80 жыл” медалімен марапатталды. Жеңіс мерекесіне арналған салтанатқа сондай-ақ зейнеттегі бұрынғы департамент пен мекеме бастықтары, ардагерлер шақырылып құрмет көрсетілді. Мерекелік салтанат соңы патриоттық әндер концерті мен салтанатты шеруге ұласты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады