Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда сумен қамту деңгейі 99,9%-ға жетеді

Алматыда сумен қамту деңгейі 99,9%-ға жетеді
Фото: pixabay.com

Биыл Алматыда 260 шақырым су құбыры желісін салу және қайта жаңғырту жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қала тұрғындарын сумен қамту деңгейін 99,9%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы 2025 жылғы сәуір айындағы қала әкімі Ерболат Досаевтың Президентке берген есебінде айтылған.
Сәуір айында 190 шақырым су желісін салу бойынша келісімшарт жасалып, оның 16,3 шақырымы салынды. «Ақсай» су тарту нысанындағы жұмыстар 85%-ға орындалды, ал «Ерменсай» нысаны бойынша мердігерді таңдау үшін байқау жарияланды.Жыл басынан бері суды үнемді пайдалану мақсатында 39 мың су есептегіш құрылғы орнатылды. Жыл соңына қарай есептегіштермен қамтылу деңгейі 90%-ға жетпек. Бұл іс-шаралар Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған қаланың тұрақты дамуына арналған жоспар аясында іске асырылады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді