Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қалалық сумен жабдықтау кәсіпорнына 120 млн теңге айыппұл тағайындалды

Алматыда қалалық сумен жабдықтау кәсіпорнына 120 млн теңге айыппұл тағайындалды
Фото: inform.kz

Алматы қалалық «Водснаб қалалық су құбыры» кәсіпорнына 120 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Электрмен жабдықтау, сумен қамту және су бұру қызметтерін сапасыз көрсетуге қатысты айтсам, «Ерменсай» шағынауданының тұрғындарына «Городское предприятие водоснабжения Водснаб» ЖШС-нің (бұрынғы «Орхан» ЖШС) ұзындығы 4,2 км электр желісін қаланың балансына өтеусіз беру туралы шешім қабылданды. Компанияға өзіне 120 млн теңге айыппұл салынды», - деді әкім Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ол Бостандық ауданында 25 шақырым инженерлік желілер қайта жаңартылатынын атап өтті.

«Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсету сапасы жақсарады. 6 шақырымнан астам су құбыры желісі мен 0,9 км жылу трассасы реконструкцияланады, 16,5 км жоғары вольтты электр кабель желісі мен 1,5 км жерасты газ құбыры жөнделеді»,- деді ол.

Биыл маусым айынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін ауданға қосылған аумақтардағы 47,2 км электр желісі жаңартылады. Бұл 150 мыңға жуық тұрғынды сапалы сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды