Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Су тасқыны: Тепличное ауылындағы әр көше полиция бақылауында

Су тасқыны: Тепличное ауылындағы әр көше полиция бақылауында
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылындағы әр көше полиция бақылауында, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл маңындағы Тепличное ауылы су тасқынына байланысты қауіпті учаскелердің бірі. Мұнда құтқарушылармен бірге 50 полиция қызметкері екі ауысыммен тәулік бойы кезекшілік атқаруда. 5 автопатруль, 2 автобус және вахталық көлік дайын күйде тұр. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бұл – бөгетті нығайтуға тартылған ауыр техниканың көптігін ескерсек, өте өзекті мәселе.

Ауылдың кейбір тұрғындары уақытша көшірілген. Құқық қорғау органдары олардың мүлкінің қауіпсіздігін тәулік бойы қадағалап отыр. Қажет болған жағдайда, төтенше жағдай қызметкерлері ауылда қалған тұрғындарды қауіпсіз жерге дереу эвакуациялауға дайын. Полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен үнемі байланыста, шұғыл көшуге дайын болу қажеттігін түсіндіруде. Әр көшеге тәжірибелі полицейлер бекітілген. Олар арнайы құрылған чаттары арқылы тұрғындармен күндіз де, түнде де байланыс ұстап отыр. 29 сәуір кешіндегі жағдай бойынша Тепличное ауылындағы ахуал тұрақты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты