Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өрт қауіпсіздігіне арналған жабдықтарды ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада өрт қауіпсіздігіне арналған жабдықтарды ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада өрт қауіпсіздігіне арналған жабдықтарды ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда полицейлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешендерінен өртке қарсы құрал-жабдықтарды ұрлаған күдікті қолға түсті. Тергеу барысында 30 жастағы күдіктінің бұрын сотты болғаны және осы тұрғын үй кешенінде жұмыс істегені анықталды. Ол арнайы жұмыс киімін киіп, тұрғындардың күдігін тудырмас үшін құрылыс қызметкерінің кейпіне енген. Осылайша әрбір кіреберіс пен қабатты аралап жүріп, өрт сөндіруге арналған жабдықтарды (өрт сөндіру жеңдерін) шешіп алып, көлігіне тиеп отырған. Кейін еш кедергісіз елордадан шығып, басқа қалаға жол тартқан.

Нұра аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті өзге қалада ұсталды. Тінту барысында ұрланған жабдықтардың бір бөлігі тәркіленді. Ал қалғанын күдікті сатып жібергені, түскен қаржыны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарына жауапкершілікпен қарауға және көпқабатты үйлердің ортақ мүлкіне ұқыппен қарауға шақырады. Сондай-ақ кез келген күмәнді жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлау — қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты кепілі екенін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты