Астанада мүмкіндігі шектеулі жаннан қомақты қаржы ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысына күдікті 21 жастағы азаматты құрықтады.
Тергеу барысында ұсталған азамат зейнеткерден бірінші қарызға ақша сұраған, кейін зейнетақысының көп мөлшерде жиналғанын білген. Осылайша мүмкіндігі шектеулі әжейдің банк қосымшасын өзіне жүктеп, зейнетақысын алып отырған.
Күдіктінің жәбірленушіге келтірген шығын көлемі шамамен - 5,5 млн теңге. Ұстағалған жігіт ұрлаған ақшаның бәрін жұмсап жіберген.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.