Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Yutong International Co., Ltd басқарма төрағасымен кездесу өткізді

Роман Скляр Yutong International Co., Ltd басқарма төрағасымен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Yutong трансұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ван Вэньтаомен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында Қарағанды облысы Саран қаласының индустриялық аймағында орналасқан QazTehna зауытының базасында автобус техникасын өндіру жөніндегі бірлескен жобаны іске асырудың ағымдағы нәтижелері талқыланды.

Ван Вэньтао мырза әлемдегі ең ірі автобус техникасын өндіруші Yutong-пен серіктестікте іске асырылып жатқан жобаны жан-жақты қолдағаны үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді.

«Біз Қазақстан Республикасы Үкіметінің машина жасауды дамыту және экономиканы әртараптандыру саласындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз және осы процестерге белсенді қатысуға дайынбыз», — деп атап өтті ол.

Басқарма төрағасы сондай-ақ компания Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық нарық ретінде қарастыратынын атап өтті. Осыған байланысты Yutong инвестициялар көлемін ұлғайту, технологиялар трансфертін кеңейту және өндірісті локализациялауды тереңдету жолымен қазақстандық тараппен ынтымақтастықты одан әрі ұлғайтуға ниетті.

Бүгінгі таңда QazTehna зауытының өндірістік портфелінде Yutong маркалы қалалық, қалааралық, туристік және мамандандырылған автобустарды қамтитын өнімдердің кең спектрі бар. Кәсіпорында жоғары білікті мамандар үшін 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 2021 жылы зауыт іске қосылған сәттен бастап 4 мыңнан астам автобус техникасы өндірілді.

2025 жылы 1,5 мыңнан астам автобус шығару жоспарланған, бұл іске асырылып жатқан жобаның өсуі мен тұрақтылығын көрсетеді. 

Қазіргі уақытта кәсіпорынның технологиялық базасын кеңейтуге және жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған жаңа өндірістік қуаттардың құрылысы жүргізіліп жатыр. 10 мың шаршы метрден астам аумақта қаптама элементтерін дәнекерлеу, құрастыру, дайындау және штамптау бойынша заманауи корпустар орналастырылады, бұл локализациялау деңгейін едәуір арттыруға және Қазақстанда автобус техникасының жетекші өндірушісі ретінде QazTehna позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі кеңейтуге және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді