Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025»: үздік ІТ-шешімдер таныстырылды

«Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025»: үздік ІТ-шешімдер таныстырылды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан туристік саланы бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіруді көздейді. Бұл тәсіл туристік қызметтердің әрізділігін жойып, саяхатты жоспарлаудан бастап орналастыру мен кері байланысқа дейінгі барлық негізгі кезеңдерді біріктіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы қаласында өткен «Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» форумында айтылды. Аталған маңызды іс-шарада туризм мен меймандостық индустриясындағы заманауи технологиялық шешімдер мен негізгі трендтер ұсынылды. Ауқымды форумға туризм саласындағы жетекші мамандар, ІТ-компаниялар, сондай-ақ Қазақстан мен жақын шет елдердің стартаптарының жетекші өкілдері, оның ішінде Pana, inDrive, Mastercard, Sabre, Mapster және басқа да ұйымдардан 300-ден астам өкіл қатысты. Форум аясында үш панельдік сессия ұйымдастырылып, онда туристік саланы цифрландыру және инновациялық дамудың әлеуеті талқыланды. Атап айтқанда, туризм индустриясындағы цифрландыру мәселелері (TravelTech), туризмді дамытудағы мемлекеттік цифрлы қызметтердің рөлі (GovTech), меймандостық индустриясына арналған цифрлы технологиялар (HotelTech) сөз болды.

Жиынға қатысушылар IT-шешімдер арқылы тұтынушы тәжірибесін жақсарту және туризм бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударды.Форумның маңызды оқиғасының бірі – Қазақстан аумағындағы тұрғын үй брондауға арналған PanaApp мобильді қосымшасының таныстырылымы болды. Бұл қосымша биометриялық сәйкестендіру, орналастыру нысандарын басқаруға арналған CRM-жүйе және Key-Free технологиясын біріктіруімен ерекшеленеді. Сонымен қатар қосымшада күмәнді брондауларды – мысалы, мүлікке зиян келтіру немесе шу шығару ықтималдығы жоғары жағдайларды автоматты түрде анықтап, бұғаттайтын интеллектуалды жүйе қарастырылған.

«Соңғы Үкімет отырысында туризмді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттың мемлекеттік деңгейде басымдыққа ие екенін көрсетеді. Бүгінде Қазақстанда сегіз тілде қолжетімді Kazakhstan.travel туристік порталы, әуежайларда QR-код жүйесі және eQonaq қонақтарды тіркеу платформасы жұмыс істейді. Алайда туристің цифрлы жолы әлі де толық қалыптаспаған. Бұл ұялы байланыс операторлары мен электрондық төлем жүйелері секілді жаңа дереккөздерді біріктіру қажеттігін көрсетеді. Мұндай кешенді тәсіл туристер мен сала өкілдері үшін ашық әрі ыңғайлы цифрлы орта құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.
«Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» форумы туризм индустриясы үшін маңызды оқиғаға айналып, ақылды шешімдерді дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және тұрақты цифрлық туристік экожүйе қалыптастыру бағытындағы негізгі даму бағдарларын айқындады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты