Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда полицейлер адасып қалған АҚШ азаматына көмектесті

Түркістанда полицейлер адасып қалған АҚШ азаматына көмектесті
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері АҚШ-тан келіп, адасып қалған туристке көмектесті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері велошеру кезінде маршруттан адасып қалған АҚШ-тан келген шетелдік туристке көмек көрсетті. Нақтырақ айтсақ, Леңгір қаласының учаскелік полиция инспекторлары Нұрғиса Оразбаев пен Жандос Молдияр өздерінің қызмет көрсететін аумақтарын аралап жүріп, Төле би көшесінің қиылысында орналасқан дүкенде уайымдап, мазасы қашып тұрған шетел азаматын байқады. Оның жеке басын анықтап сұрастыру барысында, Уилсон Райан Митчел есімді 41 жастағы турист, АҚШ азаматы екенін және әлемді велосипедпен аралап жүргенін жеткізді. Шетелдіктің айтуынша, ол Төлеби ауданы арқылы Ташкент қаласы бағытына өтіп бара жатып, навигациялық карта жұмысының бұзылуына байланысты маршруттан адасып қалған. Полиция туристерге Google Maps қолданбасын қайта іске қосуға көмектесті. Сонымен қатар оған сапарды жалғастыру үшін тамақ пен сусындар ұсынды. Велотуристтің айтуынша, ол Түркия, Греция, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан арқылы Өзбекстанға бет алған. Қазақстан оның саяхат жолындағы 9-шы мемлекет екен. Өз кезегінде шетелдік полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты