Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үздік идея үшін 700 мың теңге: елордада талантты жастар ұсынған стартаптар іріктелді

Үздік идея үшін 700 мың теңге: елордада талантты жастар ұсынған стартаптар іріктелді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Үздік әлеуметтік бизнес жобасы» байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқауды «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының қолдауымен «Әділет» жекеменшік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы ұйымдастырды.Шараға «Әділет» қауымдастығының мүшелері, жас кәсіпкер және G-Empire қонақүйінің иесі Тимур Ғизатуллин, сондай-ақ «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.Елордалық Есіл ауданының әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлының айтуынша, байқау жастардың бастамалары мен таланттарын танытатын маңызды алаңға айналды.

«Бүгінгі байқау – жай ғана байқау емес, жастардың өз қабілетін көрсетуге, тәлімгерлерді табуға және идеяларын жүзеге асыру үшін қолдау алуға мүмкіндік береді. Қатысушылар өз әлеуетін ашып, еліміздің дамуына үлес қосатынына сенімдіміз», - деді ол.

Сондай-ақ, аудан әкімі Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанына, бүгінде жастардың кәсіби өсуіне қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталып өтті. Бірінші орын мен 700 мың теңге ақшалай сыйлықтың жеңімпазы Astana IT-университетінің 2-курс студенті Диана Жұлмұхамбетова болды.

«Менің жобам Kaz nomad camp деп аталады. Менің спорттық туризмде алты жылдық тәжірибем бар және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтер ретінде қатысқанымда осы идея маған ерекше шабыт берді. Этникалық стильде ойын-сауық бағдарламасын жүзеге асыруды ұсындым. Онда түрлі шеберлік сабақтары, мысалы, бауырсақ, бешбармақ әзірлеу, сондай-ақ ұлттық ойындарды өткізу бойынша бағдарламам бар. Сонымен қатар, бағдарламада киіз үй тігу және дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабақтары қарастырылған. Бұл қазақ мәдениетін жастар арасында кеңінен насихаттауға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Жыл сайын қалаға қыдырып келетін талапкерлердің қатары аз емес, олардың әрқайсысы қайда серуендейміз деп ойлаймын. Мен олардың кафе, мейрамхана, кинотеатр секілді орындарға барып қана қоймай, ұлттық мәдениетті танып-білу арқылы рухани байығанын қалаймын», - деді студент өз жобасы туралы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді