Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

MAGNUM-ға бойкот: Мәжіліс депутаты даулы мәселеге қатысты пікір білдірді

MAGNUM-ға бойкот: Мәжіліс депутаты даулы мәселеге қатысты пікір білдірді
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ел арасында дауға ұласқан "MAGNUM" желісіндегі келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазнетте Magnum желісінің курьерінің жұмыстан қуылуы ерекше талқыға түсті. Кикілжің қызметкердің қазақ тілінде сөйлеуді талап етуінен басталған. Кейін белгілі болғандай компания басшылығы оны жұмыстан шеттеткен. Бұл халық арасында қызу пікір-талас туғызып, тіпті компанияға бойкот жариялауға дейін жеткізген. Осы жағдайға қатысты журналистер мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевқа сауал қойды.

Депутат ең алдымен бұл мәселеде, манипуляцияға жол беруге болмайтындығын ескертті.

"Мен бұл мәселені зерттедім, қарадым. Бұл тек Еңбек кодексі аясында реттелетін дүние. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, қазақ тілі қорланып жатыр деген әңгіме емес",- деді ол.

Оның айтуынша, бұл бар болғаны екі қазақ баласының арасындағы конфликт.

"Бұл – жеке бастың дауы. Оны жазып алған бейнекамералар жоқ. Қандай әңгіме айтылғанын біз білмейміз. Сол себептен, менің ойымша, Магнум да, қоғамдағы көп белсенділер де тек манипуляцияға алданып отырған сияқты".Елнұр Бейсенбаев

Мұнымен қоса, халық қалаулысы "MAGNUM" желісі ел ішіндегі кәсіпкер екенін, онда қаншама қазақ жастарының жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүргенін айтты. Сондай-ақ, ол бойкот жариялап, халықты күн көрісінен айыруды дұрыс емес деп санайтынын баса айтты.

Өз кезегінде БАҚ өкілдерін де жалған ақпарат таратпауға шақырды.

"Сіздер де, бұқаралық ақпарат құралдары, осындай тексерілмеген, нақты ақпараты жоқ, баяғыда айтатын еді ғой "самаурыннан су кетті десе, Самарқандты су алды деген" әңгіменің пұшпағында кетудің қажеті жоқ. Қою керек қой ондай нәрсені. Ол біздер Парламентте немесе сіздер талқылайтын дүние емес",- деп қорытындылады депутат.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді