Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыз айының соңында Қобда ауданында тұратын 14 жастағы бала өз бетінше Ақтөбе қаласына барған. Жасөспірім адам көп жиналатын жерге барып, келушілердің бірінің телефонын жасырын ұрлаған. Полиция баладан телефонды тәркілеп, өзін профилактикалық есепке алды. 1 сәуірде Қобда аудандық сотында осы кәмелетке толмағанның ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың әкесі сот шешімімен кінәлі деп танылды.

Баласының тәрбиесіне бейжай қараған ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Полиция барлық ата-ананы бала тәрбиесінде аса жауапты және қырағы болу туралы ескерте отырып, ата-аналық міндеттерді орындамаушылық үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді