Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы мәлімдеме жасады: қараусыз жүрген балалардың ата-аналары жазаланатын болады

Алматы полициясы мәлімдеме жасады: қараусыз жүрген балалардың ата-аналары жазаланатын болады
Фото: Polisia.kz

Полиция қараусыз жүрген балалардың ата-аналары жазаланатынын ескертеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы ювеналды полициясының мәліметінше, өткен жылы қалада қайыршылықпен айналысқан 245 шетелдік кәмелетке толмаған анықталды. Сондай эпизодтың бірі кеше болды. Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында қайыр сұрап жүрген 15 жастағы жеткіншек табылды. – Жас жігіттің Өзбекстан азаматы екендігі және әкесімен бірге Алматы облысы Талғар ауданында жалдамалы пәтерде тұратындығы белгілі болды. Бала қайыршылықпен айналысады, оқу үдерісіне араласпайды, ал әкесі - жұмыссыз. Оларды тексеру үшін әкесі мен баласы біздің бөлімшеге жеткізілді. Ата-анаға қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан. Сондай-ақ ішкі істер министрі жариялаған профилактикалық іс-шаралар жылы аясында, басқа қаладан келген жасөспірімдерді жедел анықтау мақсатында ювеналды және криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерінен тұратын топтар, жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда, аулалар, жертөлелер, базарлар, ойын-сауық орындары, вокзалдар, саябақтарда күн сайын рейд жүргізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты