Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың сауда орталығындағы теракт туралы әзілі үшін павлодарлық оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Елорданың сауда орталығындағы теракт туралы әзілі үшін павлодарлық оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
Фото: pixabay.com

Елорданың сауда орталығындағы теракт туралы әзілі үшін павлодарлық оқушының ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана полициясына әлеуметтік желілердің мониторингі барысында. Whats App мессенджері арқылы тұрғындар “Сәлеметсіз бе. Мәскеудегі Коркус-Сити холлдағы теракт туралы естідіңіз бе? Сізге Керуенде теракт жасау үшін бір миллион теңге ұсынамын. Біз Сізге серіктестер мен жарылғыш зат береміз, Сізді алып кетуге біздің адам келеді. Егер осыдан бас тартсаңыз, біз сізге келеміз, қайда тұратыныңызды білеміз” деген хабарлама алды. Анықтау нәтижесінде тәртіп сақшылары әпкесін мазақ етуге бел буған 10 жастағы оқушыны анықтады.

– Бұл жағдайда оның әрекетінде ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Алайда 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жеткен жоқ. Кәмелетке толмағанның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасағанын ескере отырып, кәмелетке толмағанның заңды өкілі кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жазаланады.- дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Материалды сот қарап, онда заңды өкілге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Полиция дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар – 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады