Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың заманауи шешімдері жүзеге асырылуда

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың заманауи шешімдері жүзеге асырылуда
Фото: primeminister.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев Үкімет отырысында цифрлық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейту жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше бүгінде 334 халыққа қызмет көрсету орталығы 1 296 қызмет түрін ұсынады. 2024 жылы орталықтар 23 миллионнан астам қызмет көрсетті. Өткен жылдармен салыстырғанда олардың саны азайды, бұл электрондық қызметтердің дамуына байланысты.

Былтыр Қарағанды және Қызылорда қалаларында екі Супер ХҚКО ашылды. Бұл орталықтарда әкімдік, бірнеше мемлекеттік органдар, коммуналдық ұйымдар мен банк өкілдіктері орналасқан.

Цифрлық кеңселер аймақтарға бөлінген. Клиенттер үшін жайлы жағдай жасауға және қағазсыз негізде қызмет көрсетуге бағытталған.

Былтыр 76 кеңсе жаңғыртылса, биыл тағы 20 орталықтарды жаңарту жоспарланған.

Мемлекеттік корпорация сапаны арттыру үшін жаңа сервистерді енгізуде:

  • «Жеке менеджер». Бұл жоба мемлекеттік қызметті алуды қолжетімді етуге бағытталған. Қызмет ақылы негізде көрсетіледі. 
  • Шетел азаматтарын тіркеуге электрондық келісім беру. Уақытша тіркеу кезінде үй иесіне SMS хабарлама жолданады. Бұл шара шетелдіктердің үй иесінің хабарынсыз тіркелуіне жол бермейді.
  • Ақпараттық жүйелер істен шыққан жағдайда қызмет алушылардың өтініштерін қабылдау сервисі.
  • Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисі. Енді азаматтардың келісімі болмаған жағдайда қызметкерлер дербес деректерге қол жеткізе алмайды. Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтердің барлық түрі аталған сервиске қосылды. Заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді қосу мәселесі пысықталуда.
  • Жылжымайтын мүлік иелерін барлық тіркеу әрекеттері туралы хабардар ету. Хабарламалар меншік иесінің электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіне жолданады. Былтыр 6 млн-нан астам хабарлама жолданды.

Алдағы уақытта тағы 3 қызмет қосылады. Олар дайын құжаттарды рәсімдеуге, шалғай ауылдардағы азаматтарға қызмет көрсетуге бағытталады.

Мемлекеттік корпорацияның қаржылық тұрақтылығы және мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту мәселесі өте маңызды. Қосымша коммерциялық сервистердің арқасында 2024 жылы шамамен 2,6 млрд теңге табыс түсті.

Осы жылы коммерциялық сервистерді әрі қарай дамытуды жоспарлап отырмыз.

«Баса назар аударатын сала – жүргізуші куәлігін беру. Былтыр 600 мыңнан астам құжат берілді. 2024 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Емтихан тапсыру кезегін брондаудың электрондық сервисі іске қосылды. Сонымен қатар, практикалық сынамалы емтиханға қоса сынамалы теориялық тестілеу енгізілді. Енді кандидаттар емтихан сұрақтарымен алдын ала таныса алады. Кейбір жобалар құзырлы органның қарауында. Мысалы, емтихан тапсыру кезінде тыйым салынған техникалық құралдарды қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Көлік құралдарын тіркеу саласында былтыр 3 млн қызмет көрсетілді. Бұл салада сатып алу-сату шарттарына электрондық қол қою, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жедел дайындау және автокөліктерді сақтандыру сияқты іс-шаралар жүзеге асырылды.

Кез келген қажетті мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдау мәселесі құзырлы органның қарауында. 

Осы жылға арналған жоспарларға тоқтала кетсек.

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру кезінде «AR» және «Computer Vision» технологияларын қолдану, Еуропа тәжірибесі бойынша емтихандарды қабылдау тәртібін қайта қарау жоспарланып отыр.

Көлік құралдарын тіркеу процесін жетілдіру үшін алға қойылған жоспарымыз – Мемлекеттік корпорация платформасын іске қосу, биометриялық сәйкестендіру және көлік тарихын тексеру сервистерін іске асыру. 

Халық арасында электрондық қызметтерді танымал ету үшін орталықтарда 303 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар. Былтыр бұл аймақта 8 млн-нан астам қызмет көрсетілді.

2023 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 45,7%-ға қысқарған. Себебі – бірқатар қызметтер Egov Mobile, банк қосымшалары және 1414 байланыс орталығы арқылы көрсетіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасы 2025 жылы Мемлекеттік корпорация электрондық қызметтердің үлесін 60%-ға дейін ұлғайтуға және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында жасанды интеллект элементтері бар консультантты енгізуге ниетті екенін атап өтті. Мемлекеттік корпорацияның тағы бір фронт-желісі бірыңғай байланыс орталығы болып саналады. Өткен жылы 27,1 млн қоңырау қабылданды.

Бірыңғай байланыс орталығында интеллектуалды дауыстық көмекші іске қосылды. Ол сұранысқа ие 60 қызмет бойынша кеңес беріп, 10 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде туу туралы, сотталмағандығы туралы, психо-наркологиялық диспансерлерден анықтамалар және тағы да басқалары бар.

2024 жылы интеллектуалды дауыстық көмекші трафиктің 20%-ын өңдеді, биыл оның үлесін 40%-ға дейін арттыру көзделген.

Сонымен қатар биыл байланыс орталығының қызметіне ЖИ енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру және 1414 бірыңғай байланыс орталығы аясында 30-дан астам әкімшілік органдардың байланыс орталықтарын біріктіруді жоспарлап отырмыз.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығымен бірлесіп жүргізіледі. Қашықтан басқару бағдарламаларын пайдалану мүмкіндігі жойылды және микроқұлаққаптарды анықтау детекторлар орнатылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты