Мемлекеттік корпорация Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Каzinform агенттігіне сілтеме жасап.
"ХҚКО мен арнайы ХҚКО 26 қазанда жұмысын қайта бастайды", - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ хабарламасында.
Еске сала кетсек, ХҚКО азаматтарды әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбіде - 13:00-ге дейін жұмыс істейді.