Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда полицейлердің екі балықшыны құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

Жетісуда полицейлердің екі балықшыны құтқарған сәті видеоға түсіп қалды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер суға батып кете жаздаған екі ер адамды құтқарды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 наурыз күні Ескелді аудандық полициясының кезекші бөліміне дабыл қоңырауы түсті: техникалық тоғанда қайық аударылып, екі ер адам мұздай суға түсіп кеткен. Оларды құтқару үшін оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипажы – Мұхтар Нұрмұхамбетов пен Бекқазы Байбол жеткен. 

Белгілі болғандай, балық аулап жүрген егде жастағы ер адам қайық аударылған кезде суға құлап кеткен. Оның серігі еш ойланбастан көмекке ұмтылған, алайда көп ұзамай өзі де суға батып кете жаздаған – мұздай суда олардың күші қалмаған. Полицейлер бірден әрекетке көшкен. Қиналған жандардың айқайын естіген капитан Нұрмұхамбетов батылдық танытып, мұздай суға секіріп, суға кеткендерге қарай жүзе жөнелген. Бірі әбден әлсіреп қалған, тіпті аяғы балық аулау торына шырмалып қалыпты. Ал екіншісі аударылған қайыққа жармасып үлгергенімен, қатты тоңып, әлсірей бастаған. Жағдайдың өте күрделі екенін түсінген капитан дереу көмек шақырған. Оқиға орнына ТЖД кезекші құтқарушысы келіп, екінші ер адамды судан шығара бастаған. Дәл сол уақытта жедел-тергеу тобы да жеткен. Оның құрамындағы жедел уәкіл Өмірбек Сенбай арқанмен белін байлап, суға сүңгіп, зардап шеккендерді жағаға алып шығуға көмектескен.

Құтқару операциясы төтенше жағдайда өтті. Әрбір қадам қауіпке толы болды, бірақ полиция мен құтқарушылардың бірлескен әрі жанқиярлық әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды. Құтқарылғандар – 62 жастағы Асхат Шаяхметов пен 36 жастағы Аман Оспанов өз сезімдерін жасыра алмады. Олар өз құтқарушыларына алғыс білдіріп, дәл осы полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың ержүректілігі олардың өмірін сақтап қалғанын айтты. Бұл оқиға айналамызда нағыз батырлардың бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, көмекке әрдайым әзір екендерін көрсетті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты