Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда бопсалаушы қыздар тобы ұсталды

Жетісуда бопсалаушы қыздар тобы ұсталды
Фото: pixabay.com

Жетісуда бопсалаушы қыздар тобы ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 наурызда Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 800 мың теңге көлемінде ақша бопсалау фактісі бойынша күдікті үш әйел адамды ұстады.

Полиция анықтағандай, ақпан айында Б. есімді азамат "Друг Вокруг" мобильді қосымшасы арқылы А. есімді қызбен танысқан. Хат алмасу барысында А. оны өз үйіне қонаққа шақырған. Алайда ол көрсетілген мекенжайға келгенде, пәтерде тағы екі бейтаныс қыз болған. Біраз уақыттан кейін олардың бірі оған басқа бөлмеге барып оңашалану туралы ұсыныс жасаған. Ер адам мен қыздардың бірі бөлмеге кіріп, шешіне бастаған кезде, кенеттен екі қыз ішке баса-көктеп кіріп, айқайлап, оны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптаған.

Алаяқтар ер адамға екі таңдау жасатқан.  Оларға 800 мың теңге береді немесе олар полицияға арыз жазады. Кепілдік ретінде оның жеке куәлігін, техникалық паспортын және жүргізуші куәлігін алып, толық соманы алғаннан кейін құжаттарын қайтаратынын айтқан.

Күдіктілердің қысымынан сескенген ер адам екі рет 50 мың теңгеден беріп үлгерген. Алайда 30 мың теңгені беру кезінде күдікті әйел адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталған. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар басқа да адамдардың бар-жоғын тексереді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады