Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда егде жастағы әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Жетісуда егде жастағы әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Жетісуда егде жастағы әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу аумағында 74 жастағы қарт кісі қоңырауларға жауап бермей, үшінші қабатта орналасқан пәтерінің есігін ашпаған. Анасымен байланысының жоқтығына алаңдаған жергілікті тұрғын полицияға хабарласқан.

– Осы факті бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге құқық қорғау органдары пәтерге балкон арқылы кірді. Жатын бөлмеде медициналық көмекке мұқтаж қарт әйел табылды. Ол дереу ауруханаға жеткізілді, – деп атап өтті ПД КПБ бастығы Дәурен Сәкенов.

Медициналық тексеру барысында әйелден зорлық-зомбылық іздері анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, оқиға болған күні белгісіз ер адам пәтердің есігін қаққан, ол үйге кіріп, қарт әйелді ұрып-соғып, одан ақша талап еткен. Шкафтан 300 мың теңге көлемінде ақша тапқаннан кейін ер адам оқиға орнынан белгісіз бағытқа кетіп қалды.

Жедел іс-қимылдың арқасында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 33 жастағы ер адамды қысқа мерзімде қамауға алды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сот сараптамалары тағайындалды және сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге де деректер жария етілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады