Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада көшелер мен аулалардың қарын күреуге 100-ден астам волонтер шықты

Астанада көшелер мен аулалардың қарын күреуге 100-ден астам волонтер шықты
Фото: Астана қ.әкімдігі

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Игі істер марафоны» мен «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіріп, қарт кісілер тұратын үйлердің ауласын қардан тазартты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарына қар күреуге көмектесу үшін «Астана жастары» ММ-нің 100-ге жуық еріктісі қатысты. Іс-шара «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында өтті.

«Бүгін біз елорда көшелеріне жаппай шықтық, басты мақсатымыз – игі істермен айналысу. Көшелердің қарын күреп қана қоймай, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көмекке зәру жандарға аулаларын тазалауға көмектестік. Еріктілердің бірлігі мен белсенді жұмысының арқасында жылдам әрі сапалы орындадық», - дейді волонтер Нұрислам Болатұлы.

Байқоңыр ауданының жеке секторында еріктілер қарттар мен мұқтаж тұрғындарға аулаларын қардан тазалауға көмектесті.

«Көмек көрсетуге келген еріктілердің көптігін көргенде таң қалдым. Қалың қар жауғаннан кейін бұл көмек ерекше жәрдем болды. Осы игі акцияның барлық қатысушысына шын жүректен алғыс айтқым келеді», - деді астаналық Светлана Винарская.

Мұндай бастамаларға «Астана жастары» волонтерлері үнемі қатысады. Биылғы қыстың өзінде олар 60-тан астам ауланың қарын тазалап, қарттарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты