Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция стоматологиядан 13 мың вейп тәркіледі

Алматыда полиция стоматологиядан 13 мың вейп тәркіледі
Фото: polisia.kz

Алматыда полиция стоматологиядан 13 мың вейп тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жедел бөлімшенің мәліметінше, стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталған. Тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді.

– Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталды және ұсталды, ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындады. Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шылым шекпейтін темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейптар), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы) қосылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады