Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СИМ: Мониторинг бірыңғай уақыт белдеуінің тұрғындар өміріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті

СИМ: Мониторинг бірыңғай уақыт белдеуінің тұрғындар өміріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында уақыт белдеуі мәселесіне назар аударылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халық денсаулығына, энергия тұтынуға және еңбек өнімділігіне іс жүзіндегі әсеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы баяндады. Кешенді мониторинг сараптамалық қоғамдастықты, медицина, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика, физиология саласындағы ғылыми-зерттеу институттарын, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен мүдделі тұлғаларды тарта отырып жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талдау нәтижелері бірыңғай уақыт белдеуіне көшу халықтың тыныс-тіршілігінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсер етпейтінін көрсетті. Денсаулыққа, энергияны тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, ЖКО деңгейіне және қылмысқа әсерін қоса алғанда, 40-тан астам метрика мен көрсеткіштер зерттелді. Кешенді тәсілде деректерді талдау, сауалнамалар мен уақыт ауысуына дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыру қамтылды.

Сонымен қатар министр Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) мәслихат депутаттары жұмыс кестесін түзету жөніндегі бастаманы қолдағанын хабарлады. Қазір ол 8:00-ден 17: 30-ға дейін түзетіліп, тұрғындар тарапынан оң бағасын алды.

Мониторинг нәтижелері биылғы наурыз айының басында Мәжілістегі партия фракциясына ұсынылғаны атап өтілді.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке аталған мәселені егжей-тегжейлі қарап, бірлесіп оңтайлы шешім қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Министрдің баяндамасында айтылғандай мониторинг бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы қабылданған шешімнің теріс әсері жоқ екенін көрсетті», — деп атап өткен Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент Мәжілісімен бірлесіп тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты