Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде тамақтану ережелері өзгерді

Қазақстан мектептерінде тамақтану ережелері өзгерді
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану нормаларын қамтитын жаңартылған бұйрықты бекітті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжат тамақтануды ұйымдастыруды, оның тәртібін, тағамдардың құрамын және өнім сапасына қойылатын талаптарды реттейді.Ауруханалардағы тамақтандыру

Бұйрықта негізгі диеталар қарастырылған, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі. Тамақтану тәртібін кезекші дәрігер белгілейді, ол науқастың ауру тарихына тіркеліп, асханаға беріледі.

Төрт реттік тамақтану енгізілді, қажет болған жағдайда алты ретке дейін көбейтіледі. Аспаздық процеске аға аспаз бен диетолог-дәрігер қатаң бақылау жүргізеді. ГМА өнімдерін, механикалық жолмен өндірілген құс етін және коллаген құрамды шикізатты пайдалануға тыйым салынған. Санитарлық нормалар қатаң сақталып, тағам сапасы мен қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі қадағаланады.

Мектептер мен балабақшалардағы тамақтандыру


Білім беру ұйымдарындағы стандарттар мәзірді, тамақтану тәртібі мен түрлерін (өздігінен әзірлеу, аутсорсинг немесе кейтеринг) қамтиды, бірақ балабақшаларда кейтерингке тыйым салынған. Тамақтанудың екі үлгісі енгізілді: стандартты мәзір немесе таңдау мүмкіндігі бар мультипрофильді (швед үстелі, ланч-пакеттер). Балалардың болу уақытына байланысты тамақтану саны бір реттен алты ретке дейін өзгеруі мүмкін. Медициналық қызметкерлер тағамдардың сапасын, диеталардың сақталуын және санитарлық нормалардың орындалуын бақылайды.

Өнімдердің сапасы мен сақтау шарттарына ерекше көңіл бөлінеді. ГМА өнімдері, жарамдылық мерзімі өткен, таңбаланбаған немесе сақтау шарттары бұзылған өнімдерді пайдалануға тыйым салынған. Ас мәзірінің 75 пайызы өсімдік негізіндегі өнімдерден тұруы тиіс, тұз бен қант мөлшері шектелген, йодталған тұзды қолдану міндетті. Ет тағамдары үшін жылқы еті, сиыр еті, терісіз тауық және күркетауық еті ғана рұқсат етіледі. Сусындар ретінде газдалмаған су, сүт өнімдері, компот және жеміс шайлары ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты