Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің аймақтарында боранды күні жолда қалып қойған 133 адам эвакуацияланды

Еліміздің аймақтарында боранды күні жолда қалып қойған 133 адам эвакуацияланды
Фото: ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі

Еліміздің аймақтарында боранды күні жолда қалып қойған 133 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Алматы-Ташкент-Термез» трассасының жабық учаскесінде тұрып қалған жол талғамайтын автокөліктен 7 адам, оның ішінде 1 бала жылыту пунктіне эвакуацияланды.

Ал Ақтөбе облысы Баганин ауданы Көкбұлақ ауылынан 15 км қашықтықта қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 5 адам жақын елді мекенге эвакуациялады.

Оған қоса, Алматы облысы Кеген ауданы Жалаулы ауылының маңында қарға көміліп қалған жеңіл автокөліктен 1 адам эвакуацияланды.

Сондай-ақ Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ ауылының маңында жолдың жабық учаскесінде көліктердің кептелісі пайда болып, 2 автобус жолда қалып қойды.

ТЖМ құтқарушылары ішінде 19 бала бар 120 жолаушыны жақын жылыту пунктіне эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Азаматтар құтқарушыларға жедел әрекеттері үшін алғыс білдірді.

Осыған дейін күннің бұзылуына байланысты Алматы облысында жол жабылғаны туралы жаздық.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді