Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында ер адам полицейлерді қорлағаны үшін жауапқа тартылды

Абай облысында ер адам полицейлерді қорлағаны үшін жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында ер адам полицейлерді қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аягөз қаласында 45 жастағы жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне дөрекілік танытқаны үшін жазаланды. Кешкі уақытта орталық базар маңындағы сыраханаға барған азамат едәуір мас күйінде болған. Полицейлер мен пробация қызметкерлері оны алкогольдік масаң күйде байқап, медициналық тексеруден өткізу үшін орталық ауруханаға жеткізген. Алайда тексеруден тыныш өтудің орнына, ол полицейлерге қатысты ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтуға кірісті.

Сараптама қорытындысы бойынша бейнежазбада айыпталушының қорлайтын сөздер айтқаны расталды. Сонымен қатар, бұл азамат бұған дейін бірнеше рет алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Нәтижесінде сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі – (Билік өкілін қызметтік міндеттерін орындау кезінде немесе соларға байланысты қорлау) бойынша кінәлі деп танып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті