Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық әйел бриллиант сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Елордалық әйел бриллиант сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген
Фото: pixabay.com

Елордалық әйел бриллиант сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұра аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы әйелді ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтады. Тергеу барысында ұсталған азаматша аспаз болып жұмыс жасауға келгені белгілі болды. Жатын бөлмесіне кіріп, қобдишада тұрған алтын бұйымдарының арасынан бриллиант тасты алтын сақинаға көзі түскен. Жәбірленушіге тиесілі жалпы құны 1,5 млн теңге болатын бриллиант тасты алтын сақинаны ұрлап, елордадағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Елорда тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Жеке мүліктерін тексеру барысында, қалтасынан ломбардқа өткізгендігін дәлелдейтін түбіртек шыққан. 

Бойжеткеннің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарғақатысы бар-жоғы анықталуда. Астана қаласының полиция департаменті сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, бейтанысадамдарға сенбеуді ескертеді. Сондай-ақ Астана қаласының тәртіп сақшылары азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады