Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда кәріз құдығында жарылыс болып, бес жұмысшы зардап шекті

Петропавлда кәріз құдығында жарылыс болып, бес жұмысшы зардап шекті
Фото: pixabay.com

Петропавлда кәріз құдығында жарылыс болды, салдарынан бес жұмысшы жараланды. Оқыс оқиға кезінде мамандар кәріз құбырын ауыстырып жатқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жайлы 20 ақпанда "КТК" телеарнасы мәлімдеді.

Белгілі болғандай, "Қызылжар су" серіктестігінің қызметкерлері ескі құбырларды дәнекерлеп жатқан. Осы сәтте кәріз құдығына жиналған газ жарылып, бесеуі де жарақат алды. Бірінің тобығы сынып, қалғанының денесін күйік шалған. Олар дереу қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

"Жараланғандардың төртеуін ауруханаға жатқыздық. Оларды бірінші және үшінші дәрежедегі термиялық күйік шалған. Ал біреуінің құлағы ғана күйіпті. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне қайтарып жібердік. Ол емханадағы дәрігерлер бақылауында болады".Қайрат Мәжитов, Петропавл көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі

Бұған дейін Алматы облысындағы алаяқтың қайтыс болған баланың еміне ақша жинағаны хабарланған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді