Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әкімі Есіл ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Астана әкімі Есіл ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Есіл ауданының тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер жайлы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Есіл ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Кездесу 5 сағатқа созылды. «Ашық микрофон» форматында ниет білдіргеннің бәрі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
Тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, емханалар), жол инфрақұрылымы, тұрғын үй кешендері құрылысының сапасы, аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыру, көлік, жарықтандыру, жылы аялдамалар орнату секілді т.б. мәселелерді көтерді.

Мәселен, былтыр Есіл ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 мектеп салынды, 13 жылы аялдама орнатылды, 11,4 км сыртқы жарықтандыру кабельдері ауыстырылды және т.б.

Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді: ботаникалық бақта, ЕХРО-ның іргелес аумағында, Достық, Қонаев, Ақмешіт көшелерінде, Мәңгілік ел даңғылының бойында; Ұлытау, Керуен және т.б. гүлзарлар салынды. Биыл Есіл өзенінің жағалауын жаңғырту, Пригородный елді мекенінің «ЮГ» ТК ауданында гүлзар салу және т.б. жоспарланып отыр. Аталған жұмыстың барлығы биыл да жалғасатын болады.

Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Біз оларды қысқа, орташа және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Мұндай кездесулер қаланың барлық ауданында өткізіледі», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады