Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы сайлау күні ұсталғандар туралы айтты

Алматының полиция департаменті бүгін, 20 қарашада болып жатқан президент сайлауы кезінде қаладағы рұқсат етілмеген митингілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сайлау кезінде рұқсат етілмеген акциялар мен митингілер өткізуге қатысты заң бұзушылықтар болды. Біздің заңдарда кез келген бейбіт жиналыстар, шерулер мен демонстрацияларды өткізу тәртібі нақты көрсетілгенін білесіздер. Заң талаптарын орындамағаны, оны бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған", – деп ескертті полицейлер.

Алматы ПД ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағанын айтты. Рұқсат етілмеген акциялардың ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушылары ІІО-на жеткізілді. "Олардың кейбіреуі азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің сот үкімінің минимумы, пропорционалдылығы және рұқсат етілгендігі туралы талаптары ескеріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады, кейбірі профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды", – дейді полиция. Бұл іс-шараның барлығын қалалық полиция қызметкерлері заң талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізгені атап өтілді.

"Тәртіп сақшылары азаматтармен тілдесу кезінде өзін барынша дұрыс ұстады, құқық бұзушыларды жеткізген кезде арнайы құралдар қолданылмады",– деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұған дейін елімізде қанша полиция қызметкері сайлау күні қауіпсіздікті қамтамасыз еткені хабарланған болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді