Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

APEC Petrotechnic жаңартылатын энергетика және мұнай-газ саласында мамандар даярлайды

APEC Petrotechnic жаңартылатын энергетика және мұнай-газ саласында мамандар даярлайды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде APEC Petrotechnic Жоғары колледжі Батыс өңірінде алғашқы жаңартылатын энергетика цехының іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу-өндірістік орталық күн панельдерін өндіруге арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған, онда студенттер озық технологияларды және практикалық дағдыларды меңгереді.  Колледж студенттері инновациялық жобаларға қатысудан бөлек ақылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Бұл мүмкіндік олардың кәсіби тәжірибесін нығайтады.  
«Біздің колледжде IWCF аккредитациялық орталығын ашу жоспарлануда, ол халықаралық мамандарды ұңғымаларды қауіпсіз басқару және бұрғылау бойынша даярлайтын болады. IWCF сертификаты бұрғылау процесіне қатысу үшін міндетті және тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де міндетті деп танылған. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі, бұл түлектердің халықаралық компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді», — деді колледж педагогы Айнұр Шакенова.  
Сонымен қатар, APEC Petrotechnic-те мұнай-газ саласында қолданылатын қондырғылардың шағын нұсқаларымен жабдықталған шеберхана цехы жұмыс істейді. Бұл студенттерге мұнай мен газды бұрғылау, пайдалану және өндіру технологияларын іс жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.   APEC Petrotechnic түлектері Теңізшевройл, Schlumberger, ҚазМұнайГаз және т.б. сияқты жетекші мұнай-газ компанияларында табысты мансап құруда. Колледж әр түрлі салалар үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастыруда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты