Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«AMANAT» партиясы үгіт-насихат плакаттарын жинау акциясын бастады

«AMANAT» партиясы үгіт-насихат плакаттарын жинау акциясын бастады

Бүгін 20 мыңға жуық партия мүшесі, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен «AMANAT» жақтастары үгіт материалдарын жинауға арналған ауқымды акцияға кірісті.

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бір айға созылған сайлау науқанында барлық саяси партия мен бірмандатты округтер бойынша кандидаттар үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізіп, бүкіл елімізде бірнеше миллион плакат жапсырған.

«Енді сол жапсырылған үгіт-насихат материалдарының барлығын жинап, тазалауымыз керек. Оларды қайта өңдеуге жіберуге болады. Бұл коммуналдық қызметтің жұмысын сәл де болса жеңілдетуге септеседі. Мұндай іс-шаралар қоғамға қоршаған ортаны ұқыпты ұстаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, экологиялық мәдениеттің тұрақты моделін қалыптастыруға көмектеседі. Осы бастаманы партия Төрағасы Ерлан Қошанов жақында өткен «Халықпен бірге!» форумында айтқан болатын»,- деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, плакаттарды жинау жұмысы еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Бұл істен Атырау қаласындағы партиялықтары да шет қалмады. Белсенділер базарлардағы, сауда орталықтарындағы және тұрғын үйлердің аулаларындағы үгіт-насихат плакаттарын жинап жатыр.

«Қағаз қалдықтары бүкіләлемдік қоқыс көлемінде 4-ші орында тұр. Біз плакаттарды жинау жұмысын тек облыс орталығында ғана емес, жалпы облыс бойынша, аудандарда да жүргіземіз. Оларды макулатура қабылдау пункттеріне тапсырамыз», - деді «Жастар Рухы» Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы.

Акцияға шымкенттіктер де қосылды. Онда қалалық саябақтар мен алаңдардағы стендтерден плакаттар алынып тасталады.

«Үгіт-насихат барысында партия мен жастар қанатының 580-ге жуық мүшесі 350 мыңнан астам материал таратты. Енді бәріміз соларды жинауға кірістік. Осылайша, қаламызда тазалықтың сақталуына өз үлесімізді қосамыз», - дейді «Жастар Рухы» ЖҚ-ның белсендісі Тұрсынбек Бақытжан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады