Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда полиция түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүрген 145 жасөспірімді анықтады

Павлодарда полиция түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүрген 145 жасөспірімді анықтады
Фото: pixabay.com

Павлодарда полиция түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүрген 145 жасөспірімді анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда полицейлер биыл "Өзіңнен баста!" атты акцияны іске қосты. Бұл бастама азаматтарды заңға бағынуға, өз әрекеттерінің салдары туралы ойлануға және жауапкершілікті сезінуге шақырады. Жасөспірімдерге де құқық бұзушылықтан аулақ болу ескертілуде.

- Өзіңнен бастау және балаларыңа үлгі болу – қоғамды жақсы жағына өзгертуге бағытталған саналы әрекет. Күн сайын біз заң мен ережелерді сақтау немесе оларды елемеу таңдауының алдында тұрамыз,– деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаменті. 

Тәртіп сақшылары күн сайын көшелерде, қоғамдық орындарда және түрлі мекемелерде рейдтер жүргізуде. Осындай тексерулер барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 145 жасөспірім анықталды. Олардың сегізі ойын-сауық орындарында болған. Мысалы Успен ауданында бір жасөспірім түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген. Ата-анасы үйде болғанымен, заңға сәйкес, баласының түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Павлодар қаласында Қайырбаев көшесіндегі компьютерлік клуб тексерілген кезде, ондағы келушілер арасында кәмелетке толмаған бала анықталды. Бұл үшін ата-анасынан бөлек, мекеме иесіне де 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. "Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді