Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтар 8 мың тоннаға жуық алтын сатып алған

Қазақстандықтар 8 мың тоннаға жуық алтын сатып алған
Фото: pixabay.com

Ұлттық банк 2024 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге және банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 1,7 тонна 47 395 өлшемелі құйма сатқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылы құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (32 735 дана, 69%), Шымкент (5 200 дана, 11%) және Қарағанды (2 209 дана, 5%).
Халыққа арналған өлшемелі құймаларды сатып алу және сату Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде қолжетімді.

- 2024 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алуды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 2,5 тонна 71 106 құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы жалпы салмағы 7,9 тонна болатын 222 680 алтын құйма сатылды. Халық арасында сұранысқа ие құйма салмағы – 10 г. Жалпы сатылған көлем ішінде оның үлесі 25% – 54 875 дана. Одан кейін 5 грамдық құйма – 49 145 дана (22%), 100 грамдық құйма – 47 943 дана (22%), 20 грамдығы – 40 843 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 29 874 дана (13%), - делінген хабарламада.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

- Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты