Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы қай банктерді тұрақты және сенімді деуге болады?

Қазіргі уақытта ҚР-да бар болғаны 21 екінші деңгейлі банктер бар. Қыркүйекте нарықта 22 ойыншы болған, 2020 жылы — 26, 2017 жылы — 32, 2014 жылы 38 банк болды. Банк секторындағы шоғырлану ұлғаюда, шағын проблемалық банктер нарықтан кетуде (мысалы Delta Bank немесе Qazaq Banki есіңізде ме?), екінші деңгейлі ең ірі банктер қосылып, бірікті. Нарықты тастап кеткен соңғы ойыншы бұрынғы Альфа-Банк болды, қазір оны басқа банк қосып алып, атауы өзгерді, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Қазақстандықтар үшін қай қаржы институттарына сенуге болады деген ең өткір сұрақ. Негізінде қандай банктермен жұмыс істеген дұрыс және жинақтарыңызды қайсында сақтау керек? Қандай қаржы институттары ең сенімді екенін түсіну үшін бірнеше критерийлерді қолдануға болады. Ең дұрысы «үлкен үштікке» кіретін халықаралық агенттіктердің рейтингтеріне сілтеме жасау. Біз активтер бойынша ҚР ЕДБ үздік ондығына рейтингтер бердік.


Отбасы банкінің көрсеткіштері ең күшті: Fitch рейтингі — BBB, болжам «Тұрақты», Moody's рейтингі — Baa2, болжам «Тұрақты».

Одан әрі Halyk Bank: Fitch рейтингі — BBB−, болжамы «Тұрақты», Moody's рейтингі — Baa2, болжам «Тұрақты», S&P рейтингі — BB+, болжам «Тұрақты». Инвестициялық банктер санатына жатқызылған мұндай жоғары рейтингтерді алғашқы ондыққа кіретін осы екі банк қана алғанын айта кеткен жөн. Басқа ірі екінші деңгейлі банктер инвестициялық емес (алыпсатарлық) санаттағы рейтингтерге ие.

Көшбасшылардан кейін Kaspi Bank, одан кейін ForteBank, ЦентрКредит банкі және Jusan Bank (толығырақ кестеде келтірілген).

Бірінші ондыққа кіретін бір қаржы институты — Ситибанк Қазақстан — негізінен жеке тұлғалармен іс жүзінде жұмыс істемейтінін ескерген жөн, ал рейтингтер бойынша біз тек оның бас ұйымының рейтингтерін ғана бағалай аламыз (Fitch және S & P агенттіктерінен A+ және Moody's агенттігінен Aa3). Бұл ірі халықаралық корпорация үшін таңқаларлық емес. Тағы бір ЕДБ — Bereke Bank, бұрынғы Сбербанк — қазіргі рейтингтерге ие емес, реттеушінің пруденциалдық стандарттарына сәйкес келмейді (бұл туралы кейінірек айтатын боламыз) және, тиісінше, бізде, негізінен, қарастырылмайды.


Тағы бір маңызды көрсеткіш — актив сапасы. Бұл жерде «нашар», яғни банктің несиелік портфеліндегі ең қауіпті кешіктіру үлесіне назар аудару керек. Атап айтқанда, 90 күннен астам мерзімі өткен төлемдері бар несиелер (NPL 90+) және олардың несиелердің жалпы көлеміндегі салмағы.


Бұл жерде Отбасы банкі ҚР-ның ең ірі кредитор-банктерінің арасында ең жақсы көрсеткішке ие: банк портфелі мінсіз дерлік , NPL 90+ үлесі небәрі 0,08%-ды құрайды.


Одан кейінгі орында NPL 90+ үлесі 2,3%-ды құрайтын Halyk Bank, одан кейін ЦентрКредит банкі (2,9%) және Bank RBK (3,2%).

Айтпақшы, жалпы алғанда, несиелер көлемі бойынша алғашқы үштікке Отбасы банкінің ең сапалы портфелінен бөлек, Halyk Bank пен Kaspi Bank да кіреді, ал тұрғындардың депозиттері бойынша дәл сол үштікке кіреді.


Пруденциалдық нормативтерді енгізу мәселесіне келсек, ірі банктердің ондығына енді тек Bereke Bank қана сәйкес келмейді. Жалпы, қазіргі уақытта меншік иелерінің ауысуын және бұрынғы Сбербанк жағдайын ескере отырып, бұл қаржы институтының сенімділігі туралы ештеңе айту мүмкін емес.


Жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ЕДБ арасында меншікті капитал жеткіліктілігінің ең жақсы көрсеткіштері Отбасы банкі (k1 — 28,1%, k1-2 — 28,1%, k2 — 28,1%) және Jusan Bank (k1 — 29,9% , k1-2 — 29,9%, k2 — 49,1%).


Басқа ҚР ЕДБ бойынша деректер, сондай-ақ нормативтік стандарттар кестеде келтірілген. Бүгінгі таңда ҚР ЕДБ ішінде ең тұрақты және сенімдісі — тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жұмыс істейтіні Отбасы банкі. Отбасы банкіндегі жинақ ақша қаражатының сенімділігі мен сақталуына қоса, біріншіден, мемлекеттен қосымша сыйлықақы алуға мүмкіндік береді (200 АЕК-ке дейінгі сомаға 20%), ол әрбір салымшыға оның шотына жеке есептеледі. Екіншіден, қолжетімді тұрғын үй несиелерін пайдалана отырып, кейіннен жылжымайтын мүліктегі жинақтарды айырбастауға мүмкіндік береді.

Жалпы, ҚР-да депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатын банктердегі банктік шоттарда сақталған және банктік шотпен және (немесе) депозит шарттарымен куәландырылған жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ұлттық және шетел валютасындағы қаражаттарын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) кепілдік бере екенін есте ұстаған жөн.


ҚДКБҚ кепілдігі мыналарды қамтиды:
• салымдар (депозиттер), оның ішінде талап етуге дейін және шартты;
• қатысушы банктің барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айыру күніне есептелген салымддар (депозиттер) бойынша сыйақы;
• ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақшалар.

Кепілдіктің максималды сомасы:
• ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша 20 млн теңге;
• ұлттық валютадағы карталар, шоттар және басқа депозиттер бойынша 10 млн теңге;
• шетел валютасындағы карталар, шоттар және депозиттер бойынша 5 млн теңге (қатысушының банк лицензиясынан айыру күні белгіленген валюта бағамы бойынша баламасы).

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді