Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер бір айдың ішінде 8 есірткі зертханасын жойды

СҚО-да полицейлер бір айдың ішінде 8 есірткі зертханасын жойды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер бір айдың ішінде 8 есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде есірткімен күрестің қаңтар айындағы нәтижелері туралы хабарлады. ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің хабарлауынша, жыл басынан есірткі құқық бұзушылығының 32 фактісі анықталды, заңсыз айналымнан 17 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды.

Мысалы, қызметкерлер қылмыскерлерді ұстаудың бірнеше шараларын жүргізді, олардың барысында есірткі заттарын өсіретін 8 есірткі зертханасы жойылды.

27 қаңтарда полицейлер Петропавл қаласының аумағында есірткі заттарын таратуға қатысы бар басқа қаладан келген екі азаматты ұстау бойынша арнайы операция өткізді. Тергеу әрекеттері барысында ішінде ақ ұнтақ тәрізді зат бар түйіншектер, электронды таразы, буып-түюге арналған материалдар тәркіленіп алынды. Тәркіленіп алынған мефедрон және α-PvP синтетикалық есiрткiлерінің жалпы салмағы 260 грамнан асты. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Ішкі істер министрі жариялаған профилактикалық жыл шеңберінде түрлі форматта 90-нан астам іс-шара өткізілді, әлеуметтік желілерде тарату үшін ақпараттық бейнероликтер дайындалды.

ПД қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы азаматтарға хабарлау үшін брифингтерге, подкасттарға, бағдарламаларға қатысты, студенттерді жария сот процестеріне шақырды.

Жастармен кездесулерде өткен жылдың желтоқсан айында түсірілген есірткі таратушылар туралы «Есірткі жасырушылар. Жаза» жаңа деректі фильмі көрсетілуде. Фильмде есірткі таратушылар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы айтылады.

Мұхаметқалиев Солтүстік Қазақстан облысындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда көрсетілген басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты