Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әміржан Қосанов Тоқаевты жеңісімен құттықтады


Президент сайлауында экзитпол нәтижесі бойынша екінші орын алған Әміржан Қосанов Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат

“Тоқаев қоғаммен тілдесіп, әр алуан пікірге түсіністікпен қарауға дайын екенін аңғартты.

Билік транзиті халықтың қатысуымен, оның пікіріне құлақ асуымен жүзеге асарына көзім жетті. Мен атап көрсеткен міндеттер болашақ Қазақстанның қабырғасын қалауда ескеріледі деп есептеймін.


“Халық пен биліктің арасында диалог орнатайық” дегені сөз жүзінде қалмайды деп сенемін. Бұған оппозиция өкілдері ретінде біз де жұмыламыз. Оны бүгінгі жеңісімен құттықтаймын”,  – деді Қосанов.

Сондай-ақ, үміткер оған қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.


“Маған қолдау танытқан барша бұқараның алдында басымды ием. Менің бағдарламам ел ішінде қаншалықты қолдау тапқанына куәмін.

Әлбетте, бір жұдырыққа жұмылған оппозицияның атынан додаға түссем, сайлаудағы көрсеткіш те көбірек болар еді.


Менің нәтижеме бойкот әсет етті. Тасада тығылып жүрген менің бір кездегі демократиялық лагерьдегі әріптестерім жариялаған бойкот бұл. Соның салдарынан көрсеткішке келгенде кемістік болды”, - деді ол.

Еске сала кетейік, кеше 9 маусым күні Қазақстан президент сайлауы өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, Тоқаев үшін сайлаушылардың 70 пайызы дауыс берді.


Фото: Informburo.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді