Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтаудағы фитнес-жаттықтырушыны ұрлау және зорлау фактісі: кінәлілердің жазасы қатаңдатылды

Ақтаудағы фитнес-жаттықтырушыны ұрлау және зорлау фактісі: кінәлілердің жазасы қатаңдатылды
Фото: zakon.kz

Ақтауда фитнес-жаттықтырушы Алина Серікованың ұрлау және зорлау ісі бойынша сотталғандардың үкімі өзгертілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс бойынша бес адам сотталды. Бүгін, 2025 жылдың 31 қаңтарында апелляциялық сот оларды жаңа мерзімге үкім шығарды.

Мәселен, Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айрылса, Еркебұлан Аманқосқа 16 жыл, ал Аралбай Мерей, Жалғас Үсенғалиев пен Дархан Құлбасқа 13 жыл берілді.

Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі үкімге түсініктеме берді.

"Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы қылмыстық іс материалдарын зерделеп, сот үкімін бұзып, жаңа айыптау үкім қабылдады. Сот алқасымен анықталғаны, сотталушылар Аралбай Мерей, Жалғас Үсенғалиев пен Дархан Құлбас және Нұргелді Сейітқалиев телеграм каналы арқылы "Мефедрон" психотроптық заттарын заңсыз сатып алған. Есірткілік масаң күйде сотталушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, күштеп автокөлікке отырғызып, ұрлап кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң, сотталушылар Аралбай Мерей, Жалғас Үсенғалиев пен Дархан Құлбас жәбірленушіні сотталушылар Нұргелді Сейітқалиев пен Еркебұлан Аманқостың қастарында қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалған",- делінген ақпаратта.

Әрі қарай, Нұргелді Сейітқалиев автокөлік ішінде жәбірленшуіні күш қолданамын деп қорқытып, психотроптық зат "мефедронды" қолдануға мәжбүрлеп, сексуалдық сипаттағы өзге әрекеттер мен еркінен тыс зорлаған.

Жәбірленушіні жанармай бекетінде таңға дейін бір бөлмеде ұстап, заңсыз бас бостандығынан айырған. Әрі қарай, қорқытып, ақша талап етіп, ұялы телефоны арқылы "Каспий банктен" 2 млн. теңге несие рәсімдеп, оны қолма-қол алып, жәбірленушіні түсіріп кеткен. Сотталушылардың іс-әрекеттері жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген.

Нұргелді Сейітқалиев өткізу мақсатынсыз психотроптық затты заңсыз сақтағаны, адам ұрлағаны, психотроптық затты тұтынуға итермелегені, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, зорлау, бас бостандығынан айыру, бопсалау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін кінәлі деп танылды.

Еркебұлан Аманкос адам ұрлау, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне, зорлауға көмектескені үшін кінәлі деп танылды.

Қалған үшеуі психотроптық затты сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны, адам ұрлағаны, өззін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін кінәлі деп танылды.

Сотталушылардан жәбірленушінің пайдасына ортақ тәртіппен 19 618 415 теңге сомасында материалдық залал және 30 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты