Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде 11 млн теңгенің малын ұрлаған алаяқтар сотталды

Ақтөбе облысы Темір аудандық соты мал ұрлап, 11 млн теңгеден астам шығын келтірген үш сотталушыға үкім шығарды. Үшеуі де 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Темір аудандық соты аса ірі мөлшерде мал ұрлаған, оған көмектескен және ұйымдастырған үш адамның ісін қарады. Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша қаралған істегі үш сотталушы да Темір ауданының тұрғыны. Іс материалына сүйенсек, сотталушылар күні бұрын келісіп, Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі аумағындағы Қостам атты жайылымында жүрген ағайындылардың 24 бас жылқысын айдап кеткен. Салдарынан жәбірленушілерге 11 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Қазіргі кезде шығын толық көлемде өндірілді.

"Сот отырысында сотталушы Б өзіне тағылған айыпты толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал сотталушылар Ж және К кінәсін мойындамады, тіпті оларды ақтауды сұрады. Жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелер арқылы олардың кінәсі расталды. Сот сотталушысы Б-ның кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінетінін, балаларын ескерді. К және Б есімді сотталушыларды 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, Ж-ға 8 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты